Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған ұлын зорлаған мектептің экс-директоры туралы әріптестері жаңа деректер айтты

Кеше ғана Алматы облысында туған ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген бұрынғы мектеп дирокторының 16 жылға бас бостандығынан айырылылғанын айтқан едік,-деп хабарлады Еуразия Бірінші арнасы.

Біздің тілшіміз қасүнем басшылық жасаған білім ордасын тауып алды. Білім ордасы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Жаңашар ауылында екен. Мектеп мұғалімдері  жағаларын ұстап, ауыл тұрғындары шошып отыр. Көргенде амандығы түзу тіпті жиі мешітте көретінін айтқан жұрт əбден елге сенімдері жоғалған.

Кеше ғана Алматы облысында туған ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген бұрынғы мектеп дирокторының 16 жылға бас бостандығынан айырылылғанын айтқан едік. Біздің тілшіміз қасүнем басшылық жасаған білім ордасын тауып алды. Білім ордасы Еңбекшіқаза

Екі жылдан бері Туған баласын зорлап келген адам дəл осы Жаңашардағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектепте жұмыс істеген. 80 ұстаз бен 700 оқушыға бас көз болып, бір жыл директорлық қызмет атқарыпты. Бірақ əріптестері бұрынғы басшылары жөнінде жақ ашқысы жоқ. Ауыр, Өзіміз сенер сенбесімізді білмей отырмыз дейді.

Бір ғасырдай тарихы бар мектеп ұжымы камераны көріп өре түрегелді. Есіктен әрі аттатпады бізді. Педофилмен бір кабинетте отырып, тіпті, бір дастарханда түскі ас ішкен ұстаздар қауымы аң-таң. Бұрынғы басшыларын шыбынға да зияны жоқ деп еске алған мұғалімдер, оның азғындығын мүлдем ақылға қондыра алмай жүр.

«Оқушылар тұрмақ, біздің өзіміз мінезін көрмедік. Қатты сөйлегенін көрмегенбіз. Әлі де сенбейміз…00.59 Естігеннің өзінде қатты таңқалдық. Қазір де таңқалып отырмыз»,-дейді ұстаздар.

Осыдан кейін, Жаңашар ауылының жұрты көшеге шығуға да қорқып қалған. Өйткені аманат етіп тапсырған ұстаздары өз ұлын зорласа, елдің перзентіне не істемейді дейді. Мектеп директорын мешіттен жиі көретін тұрғындар «сырты бүтін іші түтін» болғаны ма деп, төбе шаштары тік тұрды. Көше жарығы жоқ ауылдықтар енді балаларын мектепке жалғыз жіберуге де үрейленіп отыр.

«Әрине қорқынышты. Айтудың өзі ауыр. Онсыз да зорлау қорлау көп заманда. Ал мектеп дирокторын естігенде мүлдем сене алмай қалдық»

Егер мектепте болып жатса кім төзе алады? Ондайларды қамау керек. Заңды күшейту керек. Жеті немерем сол мектепке барады менің. Мынау көше жарығы жоқ өзі. Көріп отсыздар. Тас қараңғыда енді қалай сыртқа шығамыз?

Үш тілді аралас мектеп Еңбекшіқазақ ауданына қарайды. Білім бөліміне барғанымызда құдды түрмедегідей қоршалған мекемеге күзетшілер кіргізбей, төбелесуге дейін дайын барды.

Ешкім жоқ. обед қазір. Әсем Маратовнаға звондайын ба? Звондай бер. Мені итермесеңізші. Менімен алыспаңыз. Мен жұмыстамын. Жоқ менімен де алыспаңыз.

Онысынан түк шықпаған соң ақыры ішке кіргізді. Сөйтсек, білім бөлімінде тірі жан жоқ екен. Бір сағатта əрең жеткен жауаптылар өз баласын зорлаған директордың 15 жылдық іс тəжірибесі бар екенін айтты.

Аты-жөні – Руслан Ислам екен. Төрт баланың əкесі шілде айында жұмыстан өз еркімен кетіпті. Бұрын Талғар ауданында біраз сабақ берген. Мұғалімдердің алды, білімімен де елді таңқалдырып жүрді дейді.

«Жоқ сенбейміз. Өйткені ол директор ретінде жақсы атқарды. Жақсы мұғалім. Деңгейлік мұғалімдердің үш айлық курсынан өткен. Ауданда жарқын болашақ атты директорлардың қауымдастығы құрылған болатын. Соның жетекшісі болды. Қаншама әдістемелік көмектер көрсетті»,-дейді Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Айжан Тортаева.

Директордың үстінен полицейлерге өзге емес өз əйелі арыз жазған. Үлкен дəретін ұстай алмайтын ұлын дəрігерге көрсеткенінде, ақ халаттылар сексуалдық жəбір көргенін айтыпты.

Үйіне келіп күйеуіне айтса, Руслан келіншегін сабап тастапты. Күні кеше аяқталған сот отырысында судьялар оны 16 жылға бас бостандығынан айырып, енді қайта балалармен жұмыс істеуіне тыйым салды.

Оқи отырыңыз:

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Петропавлда тісін жұлдыруға барған келіншек орнынан тұра алмай жатыр

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Талқылау