Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трансгендер Виктория Берікқожаеваны зорлау ісі: Сот үкім шығарды

Алматы облысында ақша бопсалағаны үшін жеті жылға сотталған трансгендер Виктория Берікқожаеваны зорлау ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іле аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы өзінің кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады.

"Алайда сот барлық дәлелдерді зерттеп, зорлық-зомбылық жасау фактісін анықтады, сонымен қатар оларды азаптау деп таныды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Заң бойынша жаза қылмыс жасалған кезде қолданылған қылмыстық заңнама бойынша тағайындалады. Қылмыс 2019 жылы жасалған, бұл уақытта жаза күшейтілмеген еді. 

"Сот үкімімен сотталушыға нақты 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шартты жаза немесе неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін негіздерді қарастырған жоқ. Сотталушы майор арнаулы атағынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген соттың баспасөз қызметінде.

Виктория Берікқожаева 2017 жылы "Жауғашты" түрмесіне бопсалау бойынша айыпталып,  7 жылға жабылған.

2019 жылдың шілдесінде Берікқожаева оны колонияда бірнеше рет зорлағанын мәлімдеді. Кейін трансгендер әйелді зорлады деп күдіктелген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері тұтқындалды. Бұл факті бойынша сот талқылауы 2020 жылдың ақпан айында басталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр