Трамп 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға трансгендерлерді қатыстырмауды сұрады
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) 2028 жылы өтетін дүбірлі додаға трансгендерлердің қатысуына тыйым салуды талап етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Rebecca Noble/Getty Images
Дональд Трамп АҚШ-та трансгендерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салатын жарлыққа қол қойды.
Ақ үй басшысы енді ХОК-тың 2028 жылғы Олимпиада қарсаңында трансгендерлерге қатысты бағдарламасының бір бөлігін өзгертуін қалайды. Жақын арада Трамп әкімшілігі АҚШ-қа әйелдер спортында бақ сынағысы келетін ер адамдардың кіруіне рұқсат беретін саясатты қайта қарап, қажет болған жағдайда түзетуі мүмкін.
Естеріңізде болса 2024 жылы Париж Олимпиадасында Алжирлік боксшы – Иман Халифке қатысты үлкен жанжал туындаған еді. Алайда қоғамның қарсылығына қарамастан ол Олимпиада чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, 34-ші жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты

