Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Төрт жасар астаналық Әлнұр Әубәкіров Абу Даби қаласындағы джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Айбат Әубәкіровтің сөзіне сүйенсек, балақай Абу-Дабидегі джиу-джитсуден әлем чемпионаты аясында өткен балалар фестиваліне қатысыпты.

“Биыл тамызда бес жасқа толады, екі ұлыммен Астанадағы Cicero costha джиу-джитсу мектебіне барып жүрміз. Бұл джиу-джитсуден өтетін ең ірі жарыс деуге болады. Чемпионатқа әртүрлі жастағы он мың адам қатысқан. Балалар да, категориялар да көп болды. 2013 жылы туған ұлым Әлнұр Әубәкіров 21 килограмм салмақ дәрежесінде жарысқа қатысты”, — деп әңгімелейді спортшының әкесі.

Бұл жарты жыл бұрын бапкер Олжас Ыдырысовтың қарамағында джиу-джитсумен айналыса бастаған бүлдіршіннің өміріндегі алғашқы жарысы екен.

Тағы оқыңыз: 

Футболшы Самат Смақов төртінші рет әке атанды

Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр

Талқылау