Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали мен Ерке ғашықтардың рөлін сомдайтын фильмнің қашан шығатыны белгілі болды

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін көптеген жобаның продюсері Баян Есентаева басты рөлді Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан сомдайтын комедиялық фильм жарық көретіндігі туралы хабарлаған болатын. Енді міне аталған туындының көрермендерге қашан жол тартатыны белгілі болды.

новый коллаж

Бұл туралы продюсер “Ел аузында” бағдарламасында айтып берді.

Интернет желісінде Төреғалидің әкесі Төреәлі мен Баян Есентаеваның қолалысып отырған суреті пайда болған-ды. Мұны желі қолданушылары қос продюсер құда болады, Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі отбасын құрады деп ойлады. Алайда бұл киноны түсіру туралы келіссөздер жүргізілген сәт еді.

image

Баян Мақсатқызы: “Жақын арада фильмнің түсірілімін бастаймыз. 2016 жылдың күзінде жарық көреді. Басты рөлдерде – Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлі. Көрсетілетін туынды өз ойымнан шықты”, – деп продюсер көпшілікті еліктіре түсті.

Ал басты рөлдердің бірін сомдайтын Ерке Есмахан: “Продюсерлер бәрібір көрермендердің пікіріне қарай жұмыс істейді ғой. Әрбір көрермен осының жалғасын көргісі келіп, жалғассын деген ниет білдірді. Сондықтан продюсерлер де жалғасын табуы тиіс деп шешті”, – дейді әнші.

фыувеаа

Алайда фильмді түсіруге Төреғалидің әкесі бастапқыда қарсы болған. Бұл туралы Баян Мақсатқызының өзі де “Төреәлі ағамен ұзақ келіссөздер жүргіздік. Келіссөздер емес-ау, мен оған фильм түсірудің қажет екенін түсіндірдім. Бұл фильм қайырымды әрі күлкілі комедия болады”, – деп әріптесін ұзақ көндіргенін меңзеді.

Қаңтар айында жазыла бастаған фильмнің сценариі толықтай дайын. Әзірге фильмнің тақырыбы нақты қойылмаған. Алдағы күзде жарыққа шығады деп күтілуде.

Безымянный

Бұдан өзге продюсер  “Алло” әніне плагиат жасап жүргендерге еш қарсылығы жоқ екенін, керісінше мұның тамаша нәрсе екенін айтты.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің арасында қандай сезім бар екені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау