Тоқаевтың жиені тағы бір қызметінен айырылды
"ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамының жалғыз акционері Қаныш Ізбастинді директорлар кеңесінен шығарып тастады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Шешім 2022 жылдың 26 қаңтарында шыққан.
"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Джуанышбаева А. К., Мурзагалиева А. Е., Мадиев С. Н., Оразбаев Р. С., Прашев А. Г.", – делінген хабарламада.
Бұған дейін ол "Бәйтерек" ұлттық холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен еді.
Тоқаевтың жиені "Қазақстан халқына" қорына 100 миллион теңге аударды
Айта кетейік, "ҚазАгроҚаржы" – "Бәйтерек" ұлттық холдингі басқармасының еншілес компаниясы. "Бәйтеректің" жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда