Тоқаев Үкіметке Қазақстанның солтүстігіндегі жағдай бойынша тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды" делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірі биылғы жылы құрғақшылықтан қатты зардап шекті. Мәжілісмен Айдарбек Ходжаназаров премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялауды талап еткен еді және төтенше жағдай режимін жариялау алгоритмін реттеуді ұсынды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді