Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

"Бізде барлық ауқымды дағдарысты еңсеру үшін қажетті резерв бар. Үкімет дағдарысқа қарсы негізгі шараларды іске асыруы керек. Ал ең алдымен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл – экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы", – деді Тоқаев халыққа жолдауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы оқиғалар теңгеге өте қатты қысым жасады. Оған халық арасындағы дүрбелең де әсер етті. Адамдар капиталды шығаруға кірісті. Ал шекара аймағында ақшаны көп ала бастады.

"Сондықтан қаржы саласында алыпсатарлық әрекеттерді азайту керек. Оны сырттан келетін сатып алушылар да күшейтіп отыр. Осыған байланысты мен шетелге валюта шығаруға шектеу қоятын арнайы қаулыға қол қойдым", – деп атап өтті президент.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет үлесі бар компаниялар экспорттық табыстан түскен валютаны сатуы керек. Жер қойнауын игеру саласындағы жекеменшік компаниялар да валюталық пайдасын теңгеге айырбастағаны жөн.

Талқылау