Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, президент "мемлекеттік сатып алу туралы" заңға қол қойған. Заң президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданған.


Қазақстанның 4 қаласында террористік қауіптің сары деңгейі енгізіледі


Жаңа заң мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған. Жаңа заң бойынша: 

  • сатып алуды жедел жүргізу, сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды; 
  • сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады; 
  • бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын болса, енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі; 
  • тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау мақсатында енді құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды; 
  • ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді;
  • төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді;
  • мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі енгізілді;
  • жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер де мемлекеттік сатып алуларға жіберілмейді; 

Сондай-ақ президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойған.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің масс-медиа туралы заңға қол қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау