Тоқаев: Қазақстандықтар жоғары жалақы талап етеді деп, шетелдік жұмысшыларды әкелу дұрыс емес
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде шетелдік жұмыс күші мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жекелеген бизнесмендердің шетелдік қызметкерлер үшін квоталарды кеңейту идеясын алға тартуы дұрыс емес деп ойлаймын. Елде шынымен жетіспейтін салалық мамандарды ғана аз көлемде алдыруға болады. Қазақстандықтар жалақыны көтеруді талап етеді немесе еңбекқор емес, сондықтан шетелдіктерді көптеп әкелу қажет деген әңгімені тоқтату керек", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Ол елімізде, әсіресе жастар арасында жұмыс істейтін азаматтардың саны жеткілікті екенін атап өтті. Мемлекет пен бизнестің міндеті – еңбек идеологиясын енгізу екенін баса айтты.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге