Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Майра Мұхамедқызы, Самал Еслямова, Нұрлан Өнербаевтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Марапатталған азаматтар қатарында өнер қайраткерлері де бар. 

“Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді", – делінген хабарламада. 



Одан кейін мемлекет басшысы “Барыс” пен “Парасат” ордендерін де шоу-бизнес жұлдыздарының кеудесіне тақты. 

“М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Д.Темірсұлтанова "Парасат" орденінің иегері атанды.

І дәрежелі "Барыс" ордені Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Н.Өнербайға табысталды.

Астана қалалық Жас көрермендер театрының актрисасы С.Еслямова, скрипкашы Ж.Серкебаева "Құрмет" орденімен марапатталды.

Еске салайық, Тоқаев ақын-жазушыларды Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы сыйлықпен марапаттаған еді. 

Талқылау