Тоқаев әнші Қарақат Әбілдинаны марапаттады
Танымал әнші Қарақат Әбілдинаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Парасат" орденімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азаматшалар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Тоқаев "Парасат" орденімен марапаттағандар тізімі:
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты;
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" КМҚК әншісі-әртісі.
Айта кетейік, марапатталғандардың қатарында әр түрлі сала өкілдері бар: Олар:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлері.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген