Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тыныштық бермейді": Павлодарда енесінің үстінен арызданған күйеу бала 10 күнге қамауға алынды

Павлодарда тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді деп енесіне арызданған ер адам 10 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Деректерге сүйенсек, ер адам полицияға енесінің үстінен бірінші арызданған. Алайда соңында өзі жауапкершілікке тартылды. 

Оқиға бойынша отбасы күндіз үйде қонақтармен жиналып, жаңа жылдық мерекені атап өткен.

Мереке барысында тұрғындар арасында дау туындап, жанжалға айналған. Әйел жанұялық жанжал шығарған күйеу баласының әдепсіз әрекеті туралы айтты. Ер адам балағат сөздер айтып, физикалық күш қолданып, қауіп төндірген. Өз кезегінде күйеу баласы қайын енесіне шағымданып, оны барлық сәтсіздік үшін айыптады.



Сауалнама барысында қонақтар күйеу баласының кінәлі екенін түсіндіріп, әйелді қолдаған. Ол мас күйінде жанжал шығарған.

Полиция қызметкері тараптардың барлық дәлелін тыңдап, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін ер адамды жауапқа тартты. Материал сотта қаралып, сот күйеу баланы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Талқылау