“Тыныс алу мүмкін емес”: БҚО-дағы ауылдардың бірінде жәндік қаптады (видео)
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті бақташының видеосы тарады. Видеода ер адамның бетіне жәндіктердің құжынап жабысып алғанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Видеоның Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында түсірілгені белгілі болды. Бақташының сөзінше, жәндік санының көптігі соншалық, адамның тіпті тыныс алуына мүмкіндік бермейтін көрінеді.
Мамандар Атырауда дәл осындай жағдай қайталануы мүмкін екенін айтты. Жәндіктер адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Жәндіктер әртүрлі ауруларды тасымалдайды деп алаңдайды мамандар.
Тұрғындар жәндіктерге қарсы шара қабылдауды сұрайды.
Еске салсақ, Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасында берілген тамақтан жәндік шыққан еді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған