Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең бай адамдар атанды
Тимур Құлыбаев пен жұбайы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева ең бай қазақстандықтар тізімінде көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,6 миллиард долларға жетті. Оның зайыбы Динара Құлыбаевада да дәл осындай қаржы бар. Forbes журналының әлемдік рейтингінде ерлі-зайыптылар 627-ші орынды иеленген.
Құлыбаевтардың негізгі табысы қаржы бизнесінен келеді. Отбасы елдегі ең ірі банк Қазақстан Халық банкін басқаратын ALMEX компаниясына иелік етеді. Сонымен қатар, олардың активтерінде бірнеше мұнай кен орындары бар.

Өткен жылғы Қазақстанның ең бай адамы, KAZ Minerals және Қазақмыс акцияларына иелік ететін Владимир Ким 2024 жылы екінші орынды иеленді. Оның активтері 2023 жылдағыдай 4,6 миллиард долларды (642-орын) құрады.
Үшінші орында Kaspi-дің иесі Вячеслав Ким 4,4 миллиард доллармен тұр. Ол әлемдік тізімде 676-шы орында.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"