Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тез" сөзін басқаша айтудың 10 тәсілі

Сөздік қорды байытудың бірден бір тиімді тәсілі – сөздердің синонимдері мен түрлі нұсқаларын қолдану. Бүгінгі материалымызда "тез" деген сөзді басқаша атаудың жолдарына тоқталамыз.

Жылдам. Тез сөзінің синонимі. Көбінде іс-әрекетті сипаттайды. Мысалы, жылдам жүру, жылдам сөйлеу. 

Әп-сәтте. Бір сәтте, көзді ашып-жұмғанша деген тіркестер осы сөздің мағынасын білдіреді.

Демде. Өте тез орындалған іс-әрекеттерге осы сөзді қолдана аласыз. 

Дереу. Бұл сөзді де "тез" сөзінің орнына қолдана аласыз. 

Жедел. Бұл сөз көбінде анықтауыштық мағынада қолданылады. Мысалы, жедел жәрдем, жеделхат.

Заматта. Бұл сөз әдеби сөз болғанымен, көбінде белгілі бір аймақтарда қолданылады.

Лезде. Бұл сөзді де "тез" сөзінің орнына жиі қолданамыз.

Шапшаң. Бұл сөзді көбінде іс-қимылға қатысты қолданады. Мысалы, шапшаң қимылдашы, т.б.

Шұғыл. Бұл сөзді маңызды хабарларда, көп күттірмейтін істерде көп қолданады. Мысалы, шұғыл жауап беріңіз, т.б.  

Іле-шала. Екі іс-әрекет бірінен кейін бірі бірден орындалған кезде осы сөзді қолданамыз. Мысалы, ол шыққан соң, іле-шала мен де шықтым. 


Антоним деген не?

Фразеологизм деген не?

 

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Талқылау