"Термиттер Ұлттық банктің қоймасындағы 2 трлн теңгені жеп қойды": Ақпарат желіде қызу талқыланып жатыр
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық банктің қоймасындағы 2 триллион теңге көлеміндегі қаражаттың жоғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бас қоймасында 2 триллион теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені, оны жәндіктер жеп қойғаны туралы жазылған.
Бұл пост желідегі сатиралық аккаунтында жарияланды. Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады. Бұл туралы парақшаның профилінде: "Сатиралық контент. Фейк-ньюс" деп жазылған.
Желі қолданушылары сатиралық парақшадағы жарияланымдарды бұған дейін де шынайы ақпарат ретінде ұсынған.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"