Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теріс қаратып қойған": Назарбаевтың Ұлттық музейдегі ескерткішінің фотосы тарады

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрышқа қарап отырған ескерткішінің фотосы тарап кетті. Суретке қатысты Ұлттық музейдегілер пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Назарбаевты орнынан алып, бірдеңе бүлдірген бала құсатып (теріс қаратып) бұрышқа тұрғызып (дұрысы отырғызып) қойыпты", – деп жазды фотоны жариялаған Серік Абас-шах.

Суретте Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші тұрған жерден Күлтегіннің көшірмесін көруге болады. Ал Назарбаевты бұрышқа қаратып қойған.

Алайда Ұлттық музей желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Құрметті БАҚ өкілдері! Әлеуметтік желіде Серік Абас-Шахтың таратқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.  Өздеріңіз көріп тұрғандай, ескерткіш орнында. Ал таралып кеткен фото 2018 жылы Ұлттық музейге ескерткішті қою кезінде түсірілген болуы мүмкін. Ресми ақпаратты Ұлттық музейдің ресми парақшаларынан біле аласыздар. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратудан сақ болайық! " –  деп жазды музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
 

Талқылау