Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда балалар үйінен ұл бала жоғалып кетті

Теміртауда балалар үйінен жоғалып кеткен баланы іздестірілу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстанның балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеген.

Баланың ата-анасының екеуі де қайтыс болған, ол балалар үйіне жіберілген, алайда ол жерде құрдастарымен түсініспеушіліктер туындаған. Осыдан кейін бала белгісіз бағытта "SOS" балалар ауылынан қашып кеткен. Ол бірнеше күн бойы іздестіріліп жатыр.

Балаға қарайласып жүрген тәтесі, демалыс күндері жиенін үйіне алып кеткенін, олар табиғат аясына шыққандарын айтқан. Айтуынша, ол тұрғын үй мәселесі салдарынан баланы асырып ала аламайды.Қазір оның қарауында баланың кіші інісі бар.



"Артем жасы үлкен және саналы болғандықтан, біз оны балалар ауылына тәрбиелеуге беру туралы шешім қабылдадық. Ондағы жағдай стандартты балалар үйінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мекеме атмосферасы жылы, отбасы типінде өмір сүреді", - деді жоғалған баланың тәтесі.

Полиция жоғалған баланың сипаттамасын таратты: бойы – 1,46 метр, орта денелі, көзі қара. Қара-сұр түсті күртешеге киінген. Полиция Артемнің орналасқан жері туралы бірдеңе білетіндерге 102 телефонына қоңырау шалуды сұрайды.

 

 

 

Талқылау