Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темірторды сауықханаға айналдырған: Түрме "корольдарының" жағдайы айтылды

Қазақстан түрмелерінде жатқан, ел «король» атап кеткен жандар енді заңға бағына бастаған сияқты. Елдегі түрмелерге жауапты шенділер сыра королі Тоқтар Төлешов пен шыны королі Мұратхан Тоқмәди де тәртіпке сай жазасын өтеп жатыр деді. Тіпті, бұған дейін қонақ үйде жатқандай қыз-келіншектерді кіргізіп, қалаған заттарды алғызып келгені анықталған Expo-2017 компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтың өзі қазір кітап оқып, барлық ісшараларға белсене қатысып жүрген көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Сурет vlast.kz сайтынан
Ермегияевтың түрмені сауықханаға айналдырғаны жайлы түзету мекемесінің қызметкері айтқан болатын. Осы даудан кейін Expo-2017 компаниясының бұрынғы төрағасы жазасын өтеп жатқан мекеме басшысының орынбасары сотталған. Сол жағдай сабақ болса керек Талғат Амангелдіұлы қазір түрме ережесін бұзбай жүр екен. 

Ал, қарулы төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сотталған сыра королі Тоқтар Төлешов пен шетелде қашып жүрген Әбләзовтың тапсырысы бойынша банкир Тәтішевті өлтірді деген Мұратхан Тоқмәдидің жазасын қалай өтеп жатқандығы туралы ақпарат айтыла бермейді. Сотталған беделді азаматтар туралы жауапты коммитеттің басшысы да ашып айта алмады. 

Құқық қорғаушылар жазасын өтеушілерді лауазымына, істеген қылмыстарына қарай бөлмейміз деп уәж айтты. Олар, тіпті, Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысып келіп, сотталып жатқан 14 азаматты да үкімнен кейін өзгелерден оқшауламаймыз деп отыр.

Осы орайда лаңкестік әрекеттерге қатысқандарды Қазақстан азаматтығынан айыру туралы заңды неге қолдамайды деген мәселе жиі айтылып жатады. 

«Азаматтығынан айыру бойынша мәселе әр жағдайда жеке-жеке қаралады. Әзірге мұндай жағдайлар жоқ. Біздің басты мақсатымыз адасқан адамдарды қоғамға қайта қосу болып отыр», - деді ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев. 

Құқық қоғаушылардың айтуынша соңғы екі жылда арнайы ағарту-тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесінде өздерін дін короліндей сезініп адасқан 300-дей адам дәстүрлі дінге қайта бет бұрыпты. Ал, қазіргі таңда елдегі түзеті мекемелерінде радикалды көзқарастағы 700 адам өз жазасын өтеп жүрген көрінеді.  
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...