Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының әскерге аттанғалы жатқанын айтты

Танымал тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжан “Ұйқым келмейді” бағдарламасында керемет жаңалықпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/dinarasatzhan

Динара Сәтжанның ұлы Даниял әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтемек.

“Менде күшті жаңалық бар. Менің 18 жастағы ұлым Даниял әскерге барғалы жатыр. Баламды әскерге барғанға көндірдім деп айта алмаймын, себебі бұл оның өз шешімі. Менен тек ұсыныс болды. Балама: “Даниял, мүмкін сен әскерге барып келерсің? Университет ешқайда қашпайды. Қазақстанда оқысаң да, шетелде оқысаң да өз еркің. Бір жыл өзіңді көп нәрседен шектеп, өз-өзіңді тәрбиелейсің” дедім. Әрине, Құдай сақтасын, бірақ соғыс болған жағдайда бізді кім қорғайды? Ұсынысымды айттым, Даниял ойланды”, – дейді Динара Сәтжан.

Тележүргізуші ұлының қашан әскерге кететінін айтты.

“Жаз өтті, ұлым ҰБТ тапсырды. Жоғарғы оқу орнына барып көрді. Кейін маған келіп: “Мама, мен одан да әскерге барайын” деді. Бұйырса осы жылдың қазан айында әскерге аттанғалы жатыр”, – деді Динара.

Тележүргізуші кез келген уақытта ене болуға да дайын.

“Менің ойымша, мен бәріне дайынмын. Өйткені мен сондай адаммын. Адам әр сәтте, кез келген нәрсеге дайын болу керек. Мен балаларыма сенемін. Ал келін жайлы Даниял әскерден келген соң сөйлесейік”, – дейді тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін берген сұхбаттардың бірінде Динара Сәтжан ұлының әскерге барғанын қалайтынын айтқан еді.

Талқылау