Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонға телмірген балалар семіздікке шалдығуда: Қазақстандық мамандар дабыл қақты

Мамандар қазірдің өзінде артық салмағы бар балалардың көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қала тұрғыны Светлана Кошанваның ұлы екі жас дейін ауырыпты. Салдарынан түбегейлі тамақ мәзірін өзгертуге бел буған.  

"Ең бастысы - біз тәтті тағамдарды жойдық, азайттық. Рационның 80 пайызы жеміс-жидек. Көп чипсы,фаст-фуд жемейді. Балаларға еліктеп жегісі келеді, бір-екі тамақтан кейін жемейді. Фриді жемейміз, бір қорап темекі тартқанға тең. Оны алмаймыз, мен балаларға еттен тағамдарды тапсырыс беремін!", - дейді ол.

Деректерге жүгінсек, балалардың 25 пайызы күнін тәттіден бастайды екен. Қысқасы, кәдімгі газды сусын, шоколадсыз ас батпайды, дейді мамандар.  

"Елімізде балалардың  20 пайызы артық салмағы бар. Ал 5 пайызы семіздікке шалдыққан, және ол дертпен күресуде. Бұл дегеніңіз  олар  болашақта диабетиктердің қатарын толтырады деген сөз. Қазірдің өзінде диабетиктердің саны - 400 мың. Оның 16 мыңына ампутация жасайды.  Бұл сандар жаға ұстатады", - дейді қоғам белсендісі Жәмиля Садықова.

ЮНИСЕФ  жүргізген зерттеуі нәтижесіне сәйкес, елімізде 3-4-ші сыныпта оқитын  балалардың 77,5%-і  қалыпты салмаққа ие,  19,1%-де артық салмақ бар,  оның арасында 6,5%-ы ұлдар және 5%-ы қыздар, 1,1%-ы семіздікке шалдыққан. Бұлардың көбі тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар дейді сарапшылар.

Диетологтар балаңыз ауыр дертке шалдықпау үшін негізгі қағидаларды ұстану керек деген пікірде.  Атап айтқанда, 15 жасқа дейінгі жеткіншек күніне 5-6 мың шақырым жаяу жүруі тиіс. Сонымен қатар, кешкі 22-00-де ұйықтау керек. Ал тәттіні қатты қалайтын балаға тек 30 граммнан аспайтын шоколад берген дұрыс. Артық берсеңіз, кесірі балаңызға тиеді!

"Қарапайым қағидадан басталады. Онлайн заман, техниканың заманы
болғандықтан телефонды бүкірейіп қарап отырады. Омыртқаның бұзылу салдарынан қалқанша безін жұмыс дұрыс жасамайды. Артық салмақтың себебі, өзгергеннен кейін қант диабеті жоғарлайды", - дейд диетолог Арай Әмре.

Жаға ұстатарлық статистика дабыл қағуға мәжбүрлейді. Мәселен, Денсаулық сақтау ұйымының  дерегінше, семіздікпен күреспесек 2025 жылға қарай мектепке дейінгі жастағы семіз балалар саны 70 млн жетеді. Ал Қазақстанда балалар арасында артық салмақ бұдан 40 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10 есеге артқан.

Талқылау