Текеліде сел кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыздың денесі табылды
Алматы облысының Текелі қаласында батпақ селдің ағуы кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"15 мамырда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД "Багира" атты қызметтік итімен Алматы облысының Текелі қаласында лай массасының ағуы кезінде қаза тапқан 2016 жылғы қыздың денесі үйінді астынан табылды", – деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыздың із-түссіз кеткенін жазған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады