AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілімнің жары: Мен оның басын айналдырған жоқпын 

Махаббат Мүсілім жеке өміріне, мамандығына және шоу-бизнеске қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәуекел Мүсілім – еліміздегі ең сымбатты актерлердің бірі. Мың қыздың арманы болған актердің жарына қызыға да, қызғана да қарайтын арулар жетерлік. Сондай жандардың бірі Махаббатқа: 

"Күйеумен жолың болды, сондай сымбатты жігіт. Енең да жақсы сияқты. Өзі де үй тірлігіне пысық қызды таңдапты. Бұндай жігіттің басын қалай айналдырып алдың?" – деп жазған. Оған Тәуекелдің жұбайы:

"Қызығы сол, мен оның басын айналдырған жоқпын. Тек өзімді бар қалпымда ұстадым. Құдайға рахмет, күйеуіммен де, енеммен де жолым болды. Өзім соған лайық шығармын", – деп жауап берді. 

Махаббат Тәуекел екеуінің өмірге деген көзқарастары, мінездері мен қызығушылықтары сай келгенін атап өтті. 



Тәуекелдің жары Махаббат шоу-бизнестен алшақ адам. "Жалпы медицина" мамандығы бойынша білім алған. Декреттен шыққан соң, терапевт болып жұмыс істемек ойы бар. Ал шоу-бизнеске мүлдем жолағысы келмейтінін айтады. 

"Мен тым ұялшақ әрі жасқаншақпын. Сахнадан қорқамын", – деді ол.  
Махаббат ән айтып, би билемесе де, гимнастикаға қызығатын болып шықты.

"Бала кезімде гимнаст болуды армандайтынмын. Сол кезден икемді болдым. Гимнаст қыздарға сондай қызығып қараймын. Бұйырса қызымды көркем гимнастикаға бергім келеді", – деп атап өтті ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр