Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел: Алла маған өлім берсе, жанымды қинамай бір сәтте алса деп тілеймін

Тәуекел Мүсілім бүгінде отбасылы. Серілікті қойып шаңырақ көтерген актер отбасының құндылығы, ананың қадірі, әкенің рөлі туралы көп айтады. Бағыңды бағаласа, жарыңның қадірін біл дейді ол. Ал адамның ең қиын шағы Аллаға қайтар уақыты екенін біледі. 

Тәуекел Мүслім

"Мен үшін анам үнемі бірінші орында. Анамның маған бергені көп. Ол бөлек әңгіме, үлкен тақырып. Менің жасым қазір 32-де. Кәрімін деп айтпаймын, бірақ жастық шағым өтті. Бұрынғыдай қыдырып, түнгі клубқа барып, көңіл көтеріп жүргім келмейді. Себебі ол уақыт өтіп кетті. Бәрі өз уақытымен болады. Ал, 40-50 жастағы, одан үлкен азаматтар бар. Қасына өз қызымен жасты қыздарды ертіп алып, көңіл көтеріп жүреді. Мен соларға қарап таңғаламын. Оларға сол нәрсе қызық па? Сол уақытын неге бала-шағасына бөлмейді? Неге балаларына хабарласпайды. Бәрі уақытша ғой", - деді ол Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында

Тәуекел адам өлімін өз көзімен көргендіктен, ол сәтті өз басынан өткізгісі келмейді. 

"Мен Алладан қорқамын. Адам өлімінен қорқамын. Қашан өлетінімізді білмейміз. Егер Алла маған өлім берсе, жанымды бір сәтте алса екен деп тілеймін. Себебі адамның ауырып, жаны қиналып өлген сәттің ең қиын екенін білемін. Өз көзіммен көргенмін. Ауру да Алладан ғой. Бәрі Алланың қалауымен", - деді актер.

Тәуекел Мүсілімнің айтуынша, доссыз өмір жалғыздықпен тең. Себебі отбасың, бала-шағаңнан бөлек, ер азаматтың ортасы, достары болу керек деп санайды. 

"Менің екі топ досым бар. Бір тобы университетте бірге оқыған достарым. Олар менің актер болмай тұрғаннан дос болып келе жатқан жақындарым. Олар маған бәрін айтады. Сын айтады. Мен оны қабылдай алам. Көтере алам. Екіншісі өнердегі достарым. Олар да маған жақын. Бәрін жақсы көрем. Азаматтың досы болмаса, өмірі қайғылы болады деп ойлаймын", - деді актер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр