Тарифімнің бағасы 2020 жылдан бері өзгерген жоқ – Бағдат Мусин
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет байланысқа жұмсайтын ақшасы екі жылдан бері өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер министрден интернеттің сапасы мен бағасы туралы сұрады. Сосын өзі қай тарифпен жүргенін нақтылады.
Мусин Beeline-нің мобильді интернетін қолданатынын айтты. Оны бағасы екі жылдан бері өзгермеді.
"Мен 2020 жылда қанша ақша жұмсадым, қазір де солай төлеймін, интернет байланысқа кететін шығындарым бірдей қалды. Мен өзім Beeline қолданамын", - деді Мусин.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"