"Тәрбиедегі олқылықтардан": Депутат жастардың әскерге деген қызығушылығы төмендегенін айтып заң қабылдауды ұсынды

Фото: pixabay.com
Депутат Айгүл Құспан тәрбиедегі олқылықтар жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын төмендетіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, мәселені шешу үшін шаралар қабылдау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат бұл мәселені профильдік комитет отырысында айтты. Оның сөзінше, бұл саладағы жұмыс біртұтас жоспарсыз, формалды түрде жүргізіліп келген, үйлестіру жетіспеген.
Нәтижесінде жастардың әскери қызметке дайындық деңгейі төмен болып, шақыру мәселелері туындап, әскери мамандыққа қызығушылық азайған.
ОқыңызДепутаттың пікірінше, жағдайды Қазақстан Республикасының "Әскерлік-патриоттық тәрбие" заңының нормаларын өзгерту арқылы түзетуге болады. Заң республика және өңірлік үйлестіру кеңестерін құруды қарастырады.
Сонымен қатар мектептегі "Бастапқы әскери дайындық" пәнін модернизациялайды және білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердегі шақыру алдындағы даярлықты реттейді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”