Таразда жол апатына ұшыраған жүргізуші 2 жасар баланы көлікте тастап қашып кеткен
Тараз қаласында көлікті тізгіндеген ер адам жол апатына ұшырап, екі жасар баланы көліктің ішінде қалдырып, қашып кетіпті. Полиция ер адамды таба алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде орын алған. «Мазда» көлігін тізгіндеген ер адам үйдің алдындағы бағанаға соғылған. Салдарынан көліктің алдыңғы жағы жапырылып қалып, бетон қисайып кетіпті. Ал апатқа ұшыраған жүргізуші екі жасар баланы көлікте қалдырып, ізін суытқан.
Белгілі болғандай, бүлдіршінді тастап қашып кеткен ер адам оның туыс ағасы екен. Абырой болғанда, апат салдарынан бала зардап шекпеген. Дәрігерлер оны тексеріп, ата-анасына табыстады.
Бүгінгі таңда полиция 29 жастағы жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылыпты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған