Таразда 19 жастағы қыз ұялы телефонының несиесін өтеу үшін анасының бұйымдарын ұрлаған
Таразда 19 жастағы қыз ұялы телефонының несиесін өтеу үшін анасының заттарын ұрлап кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Анасының сөзінше, белгісіз біреу пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында ұрлықшы арызданушының 19 жастағы туған қызы екені белгілі болды.
Күдікті өзінің бұл әрекетіне ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болғанын себеп етті. Ол ұрлаған заттарын ломбардқа өткізген.
“Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр”, – деді ведомство.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"