Танымал тележүргізушінің тіркелу туралы құжатын түнгі сағат екіде тексеруге келген
Қазақстандық танымал тележүргізуші Санди Сұлтан тіркелу жөніндегі құжатын түнгі сағат екіде тексергенін айтып ашынды.

“Түнгі сағат 2:24 -те үйіме екі адам келіп, есік қақты. Бірі формада, екіншісі азаматтықкиімде. “Тіркеу жөнінде тексеріп жүрміз. Есікті ашыңыз” деді. “Естерің дұрыс па?” дедім.
Осы орайда мынадай сұрақ туады: “Консержге біз не үшін ақша төлеп отырмыз? Содан сұраса болады ғой. Бұл ҰҚК қызметкерлеріне салынған үйде болып жатыр. Бұл жөнінде ІІМ министрі айтпады ма?”, – деп жазады тележүргізуші желідегі парақшасында.
Бұл оқиға желі қолданушылары әбігерге салып, қызу талқыланды.
“Полицейлер уақытша тіркеуге қатысты тексеріс жасап жатқан жоқ. Бұл оқиға тексерілетін болады”, – деп пікір білдірді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Колышбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Тест: Иммунитетіңіздің қандай деңгейде екенін тексеріп көріңіз
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады