Танымал голливудтық актерлер салтанатты кеште бір-бірімен сүйісті (видео)
Танымал голливудтық актерлер Эндрю Гарфилд пен Райан Рейнолдс “Алтын глобус” марапаттау рәсімінде сезімдеріне ие бола алмай, тура камера алдында бір-бірімен сүйісіп қалды.

Гарфилд пен Рейнолдстың бір-бірін бас салып сүйіскендерін журналистер назардан тыс қалдырмапты. Ал қасында отырған Райанның заңды келіншегі Блейк Лайвли болса бұл әрекетке жәй ғана жымиып күлген.
Салтанатты марапаттау рәсімінде сыйлық алған актриса Мерил Стрип болса, АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампты сынға алып сөз сөйледі. Әрине, ол жаңа президенттің аты-жөнін мүлде атамаған, әйтседе оның кімді меңзегені аңғарылып тұрыпты.
Еске сала кетейік, Лос-Анджелесте 74-ші “Алтын глобус” салтанатты кино марапаттау кеші өтті.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен