"Тәңірберген қайда екен?": Атақ алған Зарина Омарова сынға қалды
Танымал әнші Зарина Омарова мереке қарсаңында атақ алып, сүйінші сұрады. Өнер иесі жеке парақшасына құттықтау мен көрімдік қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ ел азаматтары марапатқа ие болған еді.
“Маңызды марапат пен лайықты құрмет әрбір өнер адамын қанаттандырып, ерекше шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Дәл осындай шаттыққа толы сәтімді, қымбатты оқырман, өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім.
Қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін “Қазақстан Республикасының құрметті азаматы” төсбелгісін иелендім. Құттықтап қойсаңыздар, қуанып қаламын!” – деп жазды әнші.
Әншінің әріптестері жарыса тілек жазып, лайықсың деп мақтап жатыр. Ал оқырмандары: “Тәңірберген қайда”, “Әлидің оқиғасы сендерге сабақ болмады ма?”, “Әкесінің арқасында жүрген адам” деген сыңайда пікір қалдырып жатыр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды