Танымал отандық спортшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері кәсіби мансабын аяқтады

Фристайл-акробатикадан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешімді даңқты спортшы ел біріншілігінде жеңіп алған екі алтын жүлдесінен кейін жариялады.
Юлия Галышева Қазақстанның қысқы спорт тарихында әлемдік және құрлықтық ірі жарыстарда елеулі жетістіктерге жеткен санаулы спортшылардың бірі.
16 жастағы Асан Асылхан әлем чемпионатында топ жарды
Айта кетейік, ол 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бес дүркін әлем кубогінің жеңімпазы. Сонымен қатар, Азия ойындарында үш рет күміс жүлдеге ие болған. Ал 2019 жылы фристайл-акробатикадан Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Бұған қоса ол 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылдары бес рет Олимпиада ойындарында ел намысын қорғады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті