Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал адвокат ЦентрКредит Банкіне арыз берді

Алматылық адвокат Джохар Өтебеков Қарағандының қарт тұрғынының құқығын қорғап, ЦентрКредит Банкіне арыз берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат өзінің Facebook-тегі парақшасында Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін банктер мен соттардың озбырлығын тоқтататын кез келді деп жазды.

Өтебековтың айтуынша, қарт мүгедек Елена Васильевна ЦентрКредит Банкіне 43 миллион теңге қарыз болып, қиын өмірлік жағдайға тап болған.

"Оның үйі қымбат бағаланды, бірақ банк бұл үйді 26 миллионға сатып алды. Клиент 17 миллион қарыз болып қалды. Схема сұмдық жағдайға жеткен", – деді адвокат жағдайға наразылығын білдірді.

Өтебеков жеке сот орындаушысы Далабаев көзі көрмейтін әйелге келмегенін және қоңырау шалмағанын, оған алдағы сауда туралы хабарламағанын, тек WhatsApp-та жазғанын айтты.



Сауда-саттықты өткізу үшін банктің менеджері – Мұқашев қатысуға өтінім берді. Осылайша, адвокаттың айтуынша, “сауда-саттыққа" бір ғана ЦентрКредит Банкі қатысқан.

"Сіз бір мүше қатысатын аукционды қайда көрдіңіз? Өзіңізбен қалай саудаласуға болады? ЦКБ жалғыз өзі үйдің бағасын ең төменгі деңгейге дейін түсірді. Адамдар, тағы қай жерде банк сіздің үйіңізді жалтақтықпен жарты бағасына тартып алады? Тағы қандай елде сот оған көз жұмады? Тек біз ғана ақымақпыз ба?" – деген сұрақтар қойды танымал құқық қорғаушы.

Джохар Өтебеков көзі көрмейтін қарт әйелдің құқығын тегін қорғамақ. Қазір ол Қарағанды әкімшілік сотына шағым түсірді.

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар бұған дейін Алматы қалалық соты Игорь Дужнов пен Анайда Демирчян өз құқықтарын қорғауда қателіктер жібергенін айтқан болатын.

Талқылау