Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар: Хюррем Сұлтанның ұстаған айнасы менде

Стилі, әні мен әуені өзгеше, ешкімге ұқсамайтын дара даусы бар әнші Тамара Асар көпке айтпаған құпиясын ашты. Әншінің самаурын сырлап, жинағаннан бөлек айна жинайтын хоббиі бар. Өзінде небір айнаның түрі бар. Тіпті Хюррем Сұлтанның ұстаған айнасы өзінде екенін жасырмады. 

Тамара Асар: Хюррем Сұлтанның ұстаған айнасы менде

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әр адамның жұмысынан бөлек сүйікті ісі болады. Әнші болсын, әртіс болсын әркімнің өзінше хоббиі бар. Бұл ретте Тамара Асардың самаурынды оюмен бедерлеп, шай ұсынып жүргенін білеміз. Әр түрлі қалыптағы самаурынды қазақы нақышта сырлап береді. Әншінің одан бөлек айна жинайтын хобббиі бар екен. Үлкенді-кішілі, әр түрлі айна жинау сүйікті ісім деді ол.

"Менде айнаның түр-түрі бар. Өзіммен бірге айна ұстап жүремін. Алтын, күміс, қола, мыс, темір неше түрлі айна бар. Тіпті көпке айтса сенбейтін шығар. Хюррем Сұлтанның айнасы менде. Түпнұсқаның өзі. Менде 19-ғасырдағы айналар бар, 20-ғасырдағы айналар бар. Ағаштан жасалған айналар бар. Әр сөмкемде әртүрлі айна жүреді. Әр түсірілімге әртүрлі айналарды алып келем", - деді әнші.

Тамара Асар Хюррем Сұлтанның айнасын бағдарламаға ала келген екен. Айнаның аукцион арқылы келгенін айтты. 

Әнші көз қызығарлық самаурындарды саудалап жүр. Алайда мұның бизнес көзі емес екенін айтады.

"Самаурын бұл менің хоббиім. Бизнес көзі емес. Хоббиден туындаған жұмыс. Ақша табайын деген ойым болған жоқ. Зергерлік  бұйым ретінде сатылады. Ал, зергерлік бұйымды екінің бірі ала бермейді. Ақша табуға мұндай тауарлар сату қолайлы емес. Зергерлік бұйымды бағалайтын адамдар ғана алады. Сондықтан бұл ептеп қана жылжып отыратын, бірақ қомақты қаражатқа сатылатын бұйым", - деді әнші. 

Бағдарламаға әншінің жақындары, өнерде жүрген достары, анасы мен мектеп-интернаттағы ұстазы келді. Кәмшат Жолдыбаева, Ғаділбек Жанай, Мәдина Сәдуақасова келіп, Тамара Асар жайлы естеліктерін бөлісті. 

 

 

 

 

Талқылау