Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер өздерімен достық қарым-қатынастағы елдерді атады

"Талибан" саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим "Әл-Маядин" телеарнасына берген сұхбатында қозғалыстың Қытаймен, Ресеймен және көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Қытай – біздің көршіміз, біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз. Бұл Ресейге де қатысты", – деп хабарлады "Талибан" қозғалысының өкілі.

Наим Талибанның Иранмен, Қытаймен, Пәкістанмен және Өзбекстанмен бұрыннан қарым-қатынаста екенін және бұл елдер Батыс державаларынан айырмашылығы, тәліптердің билікке келгеніне алаңдамайтынын айтты.

"Біз қарым-қатынас орнаттық, біз Ауғанстанмен көршілес елдермен байланыстамыз және олардың дамығанын қалаймыз", – деп қосты "Талибан" өкілі.

Талибанның өкілі Забихулла Муджахид Түркиямен қарым-қатынас туралы айтып берді. 

"Біз Түркиямен жақсы қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Бірақ түрік сарбаздарының Ауғанстанға кіргенін қаламаймыз", – деді.

Талқылау