Талдықорғанда такси жүргізушісі әріптесін қылқындырып есінен тандырды
Алматы облысындағы жолдардың бірінде такси жүргізушілері төбелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмда төбелестің видеосы жарияланды. Онда бір адамның екіншісін қылқындырғаны көрінеді. Видеодан жәбірленушінің есеңгіреп қалғаны байқалады.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі төбелеске қатысушыларды анықтағанын хабарлады.
"Талдықорған қаласындағы айналма жолда видеоға түсірілген такси жүргізушілері арасындағы оқиға Талдықорған полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта туындаған қақтығыстың себептерін анықтау үшін шаралар қабылдануда", - деп нақтылады ведомствода.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды