Талдықорғанда мейрам күні балаларды тегін тасымалдаудан бас тартқан жүргізушілер кешірім сұрады
Талдықорғандықтар автобус жүргізушілерінің Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларды тегін тасымалдаудан бас тартқанына шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындар тарапынан автобус жүргізушілерінің үстіне шағым түсті. Жұмыс күнінің соңына қарай әкімдік парақшасында автобустардың бірінің жүргізушісінің кешірім сұраған видеосы пайда болды.
"WhatsApp мессенджеріндегі хабарламаларды оқымадым. Бізге балалар үшін тегін болатыны туралы айтылған екен. Мен мұндай ақпаратты естіген жоқпын, бұл оқиға үшін Талдықорған халқынан кешірім сұраймын", – деді жүргізуші.
Әкімдік балалардан жол ақысын талап еткен қоғамдық көліктің жүргізушілері анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді деді және сәйкесінше ескертулер берілгенін мәлімдеді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген