Талдықорғанда екі тұрғын үй кешенін салу кезінде әкімдіктен 250 миллион теңгеден астам қаражат ұрлағандар сотталды
Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасы мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталған.
- Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге парамен ұсталды
- Салымшыларға 40% пайда әкелуге уәде берген: Шымкентте "Свой дом" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
“Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап, жүргізгені айтылады.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
