Талдықорғанда бұрынғы әйелін аңдып жүріп пышақтаған ер адамға сот үкім шығарды
Талдықорғанда бұрынғы әйелін аңдып жүріп, жүрек пен мойын тұсынан бірнеше рет пышақтаған ер адам 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға биыл 5 қаңтарда болған. Қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді.
"Күдікті Қостанай облысынан табылып, Талдықорғанға жеткізілді. Барлық іс материалы арнайы сот-медициналық сараптама қорытындысымен сотқа жолданды", - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Айыпталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"