Талдықорғанда 17 жастағы жасөспірім жігітті аяусыз соққыға жыққан
Талдықорған полициясы жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен жасөспірімді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Полицияның мәліметінше, жасөспірім есепке алынып, оның ата-анасы бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Мектеп оқушылары арасындағы буллингтің өршуі: Министрлік себептерін атады
Айта кетейік, бұған дейін желіде екі жігіттің қатты соққыға жығылған жасөспірімді алып бара жатқан видеосы тараған еді. Видеодан кейін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған бала арнайы есепке қойылды, ал білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді", — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған