Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта демалып жатқан Дильназ Ахмадиева макияжсыз түрін көрсетті (видео)

Дильназ Ахмадиева Таиландта демалып жатыр. Әнші демалыс уақытының қалай өтіп жатқанын көрсетті. Көпшілік алдына макияжсыз шығып таңғалдырды.

Әнші Таи елінде демалып жатыр. Жағажайда жатқан әнші макияжсыз көпшілік алдына шықты. Желі оқырмандарының бірі оны танымай қалды. Енді бірі сұлулығына тамсанды. 

“Менің даусым шықпай қалды. Ән айту үшін келмегенім қандай жақсы болған. Өзіме қарауға уақыт жоқ. Тіпті сол жақ қасымды да жұлған жоқпын. Сіздерде бәрі жақсы деп ойлаймын. Бұл жерде күн кереме батады”, – деп жазды. 

“Жасандылықсыз, макияжсыз "Сәлем, достар" деп тұрғандай. Бәрі соншалықты шынайы, шын жүректен, маскасыз. Сол үшін де мен сені жақсы көремін. Әрқашан әдемі және шынайы”,  деді Алуа Қонарова. 

“Сен қайдасың, Дилека”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова. 

“Таиландамын, жаным”, – деп жауап берді әнші. 

“Кереметсің”,  деді Мәдина Сәдуақасова. 

“Макияжсыз шыға бермейтін әншілер бар ғой, сізде бәрі шынайы”, “Қарай бергің келеді”, “Макиясыз танымай қалдым, мүлде басқа екен”, “Бояу беттің кемшілігінің бәрін жасырып тұрады екен ғой”, “42 жас үшін өте сымбатты, әдемі әйел”, “Енді бояусыз жүріңіз”, “Әп-әдемісіз, және оны білесіз”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау