Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс шегерілді
Түркиядағы жағдайда байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс шегерілді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Сурет poedem.kz
“Түркиядағы жағдай анықталғанша, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті бүгін Қазақстанның барлық қалаларынан ұшатын 15 рейсті шегерді. Атап айтсақ, отандық әуе тасымалдаушы компаниялардың тоғыз рейс мен алты шетелдік компаниялардың рейстері”, – деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар, таңғы 06/30-да Қарағандыдан ұшып үлгерген Скат әуе компаниясының ұшағы кері ұшып келе жатқаны анықталды.
Еске сала кетсек, бүгін түнде Стамбул мен Анкарада мемлекеттік әскери төңкеріс әрекеті орын алуына байланысты, Түркиядағы саяси-қоғамдық жағдай шиленіс үстінде.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”