Түркияда мерзімінен бұрын туған павлодарлық сәби шетінеп кетті
750 грамм болып өмірге келген сәби шұғыл операция жағдайында туған. Демалып жүрген кезде оның анасы Елена Шевчукованың жағдайы күрт нашарлаған.

Ем қабылдағаннан кейін түрік дәрігерлері босандырып алу туралы шешім қабылдайды.
Отбасы туыстарының айтуынша, бала 18 шілде күні түнде шетінеп кеткен. Түркияда қалуға мүмкіндік болмағандықтан, ата-анасы үйге оралған. Қазақстанға келгеннен кейін ата-анасы бала Түрік Республикасы аумағында қайтыс болған соң жерлеу туралы келісімге қол қойған.
Сондай-ақ, отбасы баланың емі үшін ақы төлеуі де керек болған. Бұл шамамен 30 мың АҚШ доллары көлемінде екен.
Сәбидің ата-анасы соңғы сәтке дейін ол салмақ жинап, жақсаратын шығар деп үміттенген. Отандастардан ақшалай көмек те сұрап жәрдем көрсетулерін өтінді. Отбасы өздеріне көмек қолын созып, ақша жинаған барша жерлестеріне алғыс білдіреді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады