Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стивен Хокинг алдағы уақытта техногенді апаттар болатынын ескертті

Британ физигі, теоретик Стивен Хокинг алдағы мыңжылдықта техногенді төңкерістер, бірінші, ядролық соғыс, екінші, ғаламдық жылу, үшінші генетикалық вирус түрлерінің көбейетіні ескертті.

SU-20-Stephen-Hawking-GETTY

Бұл туралы BBC News хабарлайды.

Физик ең әуелгі үш қауіпті атады. Біріншісі, ядролық соғыс, екінші, ғаламдық жылу, үшінші генетикалық вирус түрлерінің көбейетіні. Ол қазіргі уақытта аталғандарды еш зияны болмауы мүмкін екенін, алайда біраз жылдардан соң, оның қауіп төндіретінін айтады.

«Жер ғаламшарында болатын апат қазір төменгі көрсеткіште. Алайда, уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Сондықтан бұл қауіп алдағы мың жылдықта немесе он мың жылдықта болуы мүмкін. Біз алдағы жүз жылдықта ғарышта автономиялы колониялар сала алмайыз. Сондықтан барынша сақ болу керек»», – дейді физик.

Бұған дейін Хокинг қолдан жасалған білімнің адамзаттың жойылу қаупін төндіретіннін айтқан. Сондықтан ғылым саласын дамытуды тоқтатпауға шақырған. Және оқымыстылар мен саясаткерлерге сақ болуды ескерткен.

Талқылау