Қазақстанда баспана арзандап жатыр – Статистика
Қазақстанда пәтер бағасының төмендеп, мамырдағы теріс динамика соңғы 10 айдағы рекордтық көрсеткіш көрсетті. Пәтерлер орташа есеппен 1% арзандады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Әсіресе, тұрғын үй бағалары Алматыда, Астанада, Ақтауда төмендегені байқалады.
“Алматыда – 712 390, Астанада – 480 405, Ақтауда – 345 253, Шымкентте – 419 990, Қарағандыда – 379 413, Оралда – 306 540, Өскеменде – 374 теңге төмендеді”, – делінген krisha.kz сайтында.
Теріс динамика Петропавл мен Тараздан басқа барлық қалаларда байқалады, мұнда баға шамамен 0,2-0,6% өскен.
Қазақстанда бір шаршы метрдің орташа бағасы 369,8 мың теңге болды. Алматыда екі ай бойы баспана бағасы төмендеп келеді: сәуір айынан бері 3% арзандап үлгерді.
“Баспана Петропавлда – 365 485, Павлодарда – 367 208, Таразда – 301 043, Ақтөбеде – 289 130, Қостанайда –368 735, Семейде – 353 375, Көкшетауда – 306 843, Атырауда – 387 763, Қызылордада – 234 878, Талдықорғанда – 300 553, Түркістанда – 313 750 теңге арзандады”, – деді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бір жыл ішінде, яғни 2023 жылдың мамырына қарай Қазақстанда пәтерлер 1,2% арзандады. Үш қаланы қоспағанда, барлық жерде дерлік баспана бағасы төмендеді: Ақтау (+9,8%), Астана (+1,2%), Алматы (+0,9%).