Стандартқа сай келмейтін Ту мен Елтаңба қалай ауыстырылады және жойылады: Бұйрықтың жобасы жарияланды
Мәдениет министрлігі "Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы" бұйырық-жобасын көпшілік талқылауға шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін. Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін", – делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған құжатта.
Мәлім болғандай, енді Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою кезінде мына ережелер сақталуы тиіс:
- Конституциялық заңға сәйкес, ҚР Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.
- ҚР Мемлекеттік Туын, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеу болып саналады.
- Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.
Бұйрық жобасы 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен