Сталиннің немересі Мәскеу көшелерінің бірінде өлі табылды
Алдын ала мәлімет бойынша, Евгений Джугашвили жедел жүрек жетіспеушілігі салдарынан көз жұмған.

Бүгін, желтоқсанның 22 жұлдызында ер адамды Мәскеудің солтүстік-шығысындағы көшеден тауып алған. Жүргіншілер дәрігерлерді шақырғанымен, Иосиф Сталиннің немересін құтқарып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде, оларға өлім фактісін растау ғана қалған еді.
Евгений Джугашвили 81 жасында көз жұмды. Ол – тарих ғылымдарының кандидаты, сонымен қатар әскери ғылымдар кандидаты және профессоры. Джугашвилидің Ресей мен Грузияға тиесілі қос азаматтығы болған. 1990 жылы Евгений Джугашвили «Яков, сын Сталина» фильмінде әкесінің рөлін сомдаған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады