Жаттықтырушының жалақасы 600 000 доллар: "Қайрат" ресми мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде "Қайрат" футбол клубы жаттықтырушысының жылдық жалақысы 600 000 доллар деген ақпарат тараған болатын. Бұл жағдайдан кейін "Қайрат" ресми мәлімдеме жасап, ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде Құрбан Бердиевті "Қазақстандағы премьер лигасындағы ең қымбат жаттықтырушы" деп атаған болатын.
"Қайрат" аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және маманның жалақысы жайлы мәліметті еңбек келісіміне сәйкес жариялай алмайтынын ресми түрде мәлімдейді", – деп жазды клубтың Instagram парақшасында.
Айта кетейік, "Қайрат" Қазақстан премьер лигасында 2021 жылы үшінші орын иеленген болатын. 25 қарашада олар Конференция лигасы аясында швейцариялық "Базель" клубына қарсы кездесу өткізеді.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен
"Теннисті таңдауыма әкем себепкер болды, ал Еленаның жетістіктері – біз үшін үлкен мотивация" – Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы қазақ спортшысы