"Үшінші алтын": Қазақстандық биатлоншы Универсиадада жүлделі болды
Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков Универсиадада 10 шақырымдық спринт жарысында Қазақстанға үшінші алтын әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, жарыста тағы бір қазақстандық спортшы қола алды. Александр Мухин үшінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені америкалық биатлоншы Бьорн Вестервельт иеленді. Төртінші болып Кирилл Бауэр, бесінші Вадим Куралес аяқтады. Осылайша, 10 км жарыста үздік бестіктің төртеуі қазақстандық спортшылар болды.
Биатлоншылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) – 27:51.5 (0+0)
Бьорн Вестервельт (АҚШ) - +8.3 (1+1)
Александр Мухин (Қазақстан) - +22.2 (0+2)
Кирилл Бауэр (Қазақстан) - +39.3 (1 + 0)
Вадим Құралес (Қазақстан) – +43.7 (1+1)
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"

